Күйдіргінің алғашқы белгілері мен одан сақтану жолдары

Күйдіргінің алғашқы белгілері мен одан сақтану жолдары

Күйдіргі ауруының алғашқы белгілері және одан сақтану жолдары қандай? Күйдіргі жұқтыру қаупі бар жерлердің кадастры туралы мәліметті қайдан алуға болады?
Рахым САРМАНОВ,
Шығыс Қазақстан облысы
Ақылбек МЫРЗАБЕКОВ, МСЭҚК Санэпидсараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы карантиндік және аса қауіпті аурулар мониторингі бөлімінің дәрігер-эпидемиологі:
– Аурудың алғашқы белгілері ауру жұқтырған соң бірнеше сағаттан бас­тап, ары кеткенде сегіз күн арасында бі­ліне бастайды. Науқастың ыстығы көте­ріліп, ауру қоздырғышы енген жер­дегі терісі қышып, қызыл дақ пайда болады. Кейін үлкейіп, беті күлдіреп, қа­ра-қош­қыл­да­нады. Екі-үш күннен ке­йін, жиек­те­рі қы­зар­ып, ортасында кө­мір­дей қара да­ғы бар, қан мен сары­суы бөлінген, ірің­сіз жа­ра­ға айналады. Жара ине сұқ­саң да ауырмайды. Ал қоз­дырғыш адам де­не­сіне асқазан арқылы немесе өкпе ар­қылы енген жағ­дайда науқастың тем­пературасы қатты көтері­ліп, іштен қан кетеді. Күй­діргіден сақтану жолда­ры:
– Мал ауыр­ған жағдайда ауру мал­ды бө­лек ұстап немесе малды лажсыз бауыз­да­ғанда мал дәрігерлеріне хабар­лау ке­рек. Меншіктегі мал басын жасыр­май, жыл сайын уақтылы бар­лық малды сібір жарасына қарсы ектір­у керек. Күй­дір­гі жұқтыру қаупі жоғары елді ме­кен­дердегі мал жайылымдары­нан, суат­тар­дан малды аулақ баққан дұрыс.
– Мал не болмаса етті тек ар­найы ет сататын жер­лер­ден, мал дәрігер­лерінің бақылауы­нан өткі­зілген орын­дардан алу керек және са­ту­шылардан ар­найы анық­тама талап еті­ңіздер.
– Санитарлық-эпиде­мио­ло­гия­лық және ветеринарлық-са­ни­тарлық ере­жесі мен нормаларына сәй­кес, күй­дір­гінің то­пы­рақты ошақта­ры­на өте жа­қын аумақ­тардың жер уч­ас­келе­рін жалға бе­руге, же­кеменшікке сату­ға, бау-бақ­ша­ үшін не­ме­се өзге мақсатта пайда­лануға бол­майды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста