Куәлікте қате жазылса не істеу керек?
Баламның туу туралы куәлігінде аты-жөні мен туған жері қате жазылыпты. Оны түзету үшін не істеу керек?
Ержан, Теміртау қаласы
ҚР Әділет министрлігінің мамандары баланың туу туралы куәлігі қате толтырылса, ондай құжатты алудан бірден бас тарту қажеттігін айтады. Өйткені акт жазбасына қол қоймай тұрғанда құжат мәліметтерін өзгерту оңайырақ. Ал Сіздің жағдайыңызда әділет органдарына туу туралы куәлік алу жөнінде өтініш жазып, оған жеке мәліметтердің түзетілген нұсқасын қосымша ретінде тапсыру қажет. Тұрғылықты мекенжайыңыздағы АХАЖ бөлімі құжаттың комиссиялық төлемін төлегеннен кейін табыс етеді. Ескеретін жайт, туу туралы куәлікті ата-анасы баласы 16-ға толмаған болса ғана қайтадан ала алады. Егер бала кәмелетке толған болса, өтінішті ол өз қолымен жазуға міндетті. Басқа да талаптар азаматтардың хал актілерін тіркеу ережесінің 216-бабында көрсетілген.