Көзілдірік таңдай білесіз бе?

Көзілдірік таңдай білесіз бе?

Жаз маусымы жақындай түсуіне байланысты күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік сатып алмақшы едім. Жасанды тауардан фирмалық тауарды қалай ажыратуға болады?
Әсел Ахметова,
Шымкент қаласы
Күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік сатып алғаныңызда тауардың маркасына қараңыз. Көзілдіріктің ішкі бетінде «400 нм» және «UV 400» деген жазу болса, ол – жоғары сапалы көзілдірік. «В-15» деген марка кездеседі (бұл – түстің бел­гісі, 15-қоңыр және «15 пайыз ультра­күлгін сәулені өткізеді» деген сөз). «Blocks at least 95% UVB and 60%UVA» мар­калы көзілдірік ультракүлгін сәуле­мен қатар, альфа-сәу­лелерден де қор­ғайды. Фирма­лық көзілдірік қорапта, аннотациясымен бірге сатылады. Онда барлық параметрлері көрсетіледі. Құлаққа ілетін тұсында жасап шығарушы мемлекет және моделдің нөмірі жазылады. Егерде бірдей екі көзілдірікте екі түрлі нөмір болса, ол – жасанды тауар. Жасанды тауар­ды анықтаудың тағы бір жолы – көзіл­дірікте жазылған маркаларды тырнақпен тыр­налап өшіру. Фирмалық марка өшпейді, ал жасанды тауардың жазулары тез өшіп кетеді.
Көзілдірік таңдағанда түсіне көңіл бөліңіз. Сары түс анық көрсеткенімен, күн­нен қорғамайды. Көк және көгілдір түсті көзілдіріктер ең зиянды болып есептеледі. Ең тиімдісі күңгірт-сұр және күңгірт-жасыл түсті көзілдіріктер. Ал жағажайда, қарлы тауда демалғанда, айналы көзілдірік тақ­қан дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста