Корея 1 Мамырда Будданың туған күнін тойлайды
Бұрын Халықаралық еңбекшілер күні деп аталатын 1 Мамыр қазір біздің елде Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде тойланады. Басқа мемлекеттер де еңбекшілер күнін өзгертті ме?
Айнұр ЕРБОЛАЕВА, Талдықорған
1 Мамыр әлі күнге дейін көптеген мемлекеттерде мереке саналады. Еуропаның біршама елінде бұл күн Еңбек күні деп аталады. Атап айтар болсақ, Сербияда, Германияда Еңбек күні мейрамы болса, Ресейде Көктем мерекесі және еңбек күні ретінде мерекеленеді. АҚШ-та мамырдың алғашқы күнінде бейресми екі мейрам аталып өтіледі: Балалардың денсаулығын сақтау күні және Құқық күні.
Литвада Аналар күні болса, Кореяда – Будданың туған күні. Мамырдың 1-жұлдызы – Гавай аралдары мен Канадада қызық мерекелер. Гавай аралдарында – Лей, яғни гавай биінің күні, ал Үйеңкі жапырақтылар елінде – Суырлар күні.