Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?
Жыл басынан көпбалалы 545,1 мың отбасыға жалпы сомасы 239 млрд теңгеге жәрдемақы төленді, оның ішінде шілде айында 541,4 мың отбасы 33,8 млрд теңге алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей, мемлекеттен жәрдемақы табысына қарамастан, кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар, сондай-ақ күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасыларға беріледі.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- 8 және одан көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
13 800 теңге мөлшерінде.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% артты.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz