Конституциялық Кеңестің қызметі не?

Конституциялық Кеңестің қызметі не?

Бұрынғы Конституциялық соттың орнын басқан Конституциялық Кеңестің қызметі қандай?
Айбар,
Жамбыл облысы 
Қазақстан Республикасының Конститу­циялық Кеңесі мемлекеттiк орган ретiнде республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi.
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден тұра­ды, олардың өкілеттілігі алты жылға созыла­ды. Республиканың экс-президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңес­тің мүшелері болып табылады. Консти­туциялық Кеңес Қазақстан Республикасы  Президентінің, Сенат төрағасының, Мәжіліс төрағасының, Премьер-министрдің, Парла­мент депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлігінің өтініштері бойын­ша: дау туған жағдайда республика Президе­н­­­тiнің сайлауын, Парламент депутаттарының сай­лауын өткізу және республикалық рефе­рендум дұрыстығы туралы мәселенi шешедi; Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейiн олардың Конс­титуцияға сәйкестiгiн қарайды; республика­ның халы­қ­аралық шарттары бекiтiлгенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды; Консти­туция норма­ларына ресми түсiндiрме береді; Консти­туцияның 47-бабының 1 және 2-тармақ­тары­мен қарастырылған жағдайларда қорытын­ды­лар береді; Парламент және оның пала­талары қабыл­­даған қаулылар­дың республика Конституциясына сәйкес­тігін қарайды. 
Конституциялық Кеңес соттардың өтініш­терін қарайды. Егер белгілі бір істі қарау барысында сот қолданылуға жата­тын заң немесе өзге де нормативтік құқық­­тық акт адам мен азаматтың Конс­ти­туцияда баянды етілген құқықтары мен бостандық­тарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұрып, Конс­ти­туциялық Кеңеске бұл актіні консти­туция­лық емес деп тану туралы өтініш беруі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста