Компьтерлік вирустардың қысқаша жалпы сипаттамасын берсеңіздер. Олар қаншалықты қауіпті?
Нүркен, Алматы облысы
Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейілеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ олар желідегі компьютерлер арасында және Internet арқылы тарап, компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды тудырады. Компьютер вирус зақымдаған бағдарламамен жұмыс істеген кезде оны жұқтырып алуы мүмкін.
Адамға жұғатын вирустардың әрекетіне ұқсас компьютерлік вирустардың әрекеті де әртүрлі болады: тітіркендіруден бүлдіруге дейін. Қауіпті вирустар тіпті кейбір файлдарды мүлде жойып жіберіп, компьютердің істен шығуына алып келуі мүмкін. Оның үстіне, үнемі вирустардың жаңа, алдыңғысына ұқсамайтын түрлері пайда болып отырады. Десек те, вирустарды жұқтыру мүмкіндігін және олардың бүлдірушілік әсерін бірқатар білімдерді меңгере отырып әрі вирусқа қарсы арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен төмендетуге болады.
Компьютерлік вирустардан құтылу оңай емес
Последние статьи автора