Көлікті техникалық байқаудан өткізуге қандай құжаттар талап етіледі және техникалық байқаудан өту мерзімдері қалай? Көліктің қандай бөліктері техникалық тексеруге жатады?
Асқар МЕҢЛІБАЕВ, Қарағанды облысы
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратына қарағанда, 2012 жылдың 1қаңтарынан бастап міндетті техникалық байқаудан өту арнаулы стенділермен және тежегіш жүйесінің, басқару тұтқасымен басқарудың, жарық құралдарының, сонымен қатар газ шығарудың тиімділік параметрлерін анықтайтын құралдармен жабдықталған жекеше орталықтармен жүзеге асырылады.
Құжаттар тізімі:
1) көліктің мемлекеттік тіркеуден өту куәлігін;
2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес ағымдағы жылға көлік салығы төленгендігін растайтын немесе салықтан босату құқығын растайтын құжаттарды;
3) көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің міндетті сақтандыру туралы келісімшартты (ұсынуы қажет).
Міндетті техникалық байқауды көліктің тіркеу орнына байланыссыз кез келген техникалық байқау орталығында өтуге болады.
Техникалық байқау кезінде тексерілетін негізгі параметрлер:
1) тежегіш;
2) басқару тұтқасы;
3) терезелерден көріну мүмкіндігі;
4) сыртқы жарық құралдары;
5) дөңгелектер, шиналар, подвеска;
6) улы заттар мөлшері;
7) шасси агрегаттары мен бекітілу түйіндерінің ахуалы және жұмыс істеу жағдайы;
8) басқа да жабдықтардың ахуалы мен жұмыс істеу жағдайы (қауіпсіздік белбеуі, спидометр, жол дәрі қорабы, өрт сөндіргіші т.б.).
Автокөліктердің міндетті техникалық байқаудан өту мерзімдері:
1) әр 12 айда – шығу жылымен қосқанда 7 жылдан астам көліктерге;
2) әр 24 айда – шығу жылымен қосқанда 3 және 7 жыл аралығындағы көліктерге;
3) әр 36 айда – шығу жылымен қосқанда 3 жылдан кем көліктерге;
Адамдарды тасымалдауға арналған автобустар, шағын автобустар, таксилер және де жүк көліктері меншік нысаны мен шығу жылына байланыссыз міндетті техникалық байқаудан әр алты ай сайын өтеді.
Көлікті техникалық байқаудан өткізуге қандай құжаттар талап етіледі?
Последние статьи автора