Көлікті қандай аяқкиіммен жүргізеді?
Мен жақында көлік сатып алдым. Қауіпсіздік шараларын барынша сақтағым келеді. Әйелдер рөлге отырғанда қандай аяқкиім киюі керек?
Балғын АМАНҚЫЗЫ, Астана қаласы
Сұрағыңыз өте орынды. Қазір көлік жүргізушілердің жартысына жуығы қыз-келіншектер қауымын құрап отыр. Ер адамдарға қарағанда жол-көлік оқиғасына ұшырайтындар да – солар. Табиғаты онсыз да байбалам салуға бейім әйелдер көлік жүргізгенде жол жүру ережесін толық сақтауы үшін аяқкиіміне де мән бергені дұрыс. Қыздардың төл аяқкиімі – туфли (өкшесі 5 см асатын) көлік жүргізгенге жарамайды. Себебі кез келген биік өкшелі аяқкиім машина педалін, тежегішін қажет кезінде басуға ыңғайсыздық тудырады. Бұл саптағы аяқкиімге тобықты жаппайтын, ашық аяқкиімдер, әсіресе жалпыхалықтық тілде «шлепка», «сланцы» аталатын іле салғыштар да жатады. Себебі газ бен тежегішті басар уақытыңызда сасқалақтап қалсаңыз, арты ашық сусылдаған аяқкиім аяғыңыздан сыпырылып түсіп қалуы мүмкін. Педальдарды басқанда сезбейтін қалың табан аяқкиіммен де жүргізуге болмайды. Абзалы, көлікке арнайы «жүргізуге арналған аяқкиім» салып қойғаныңыз дұрыс. МАИ қызметкерлері тоқтатқан жағдайда тәртіпке сай келмейтін аяқкиім кисеңіз, айыппұл салуға да құқылы.