Жаңа туған сәбиім жөтеліп жүр. Алғашында мән бермеп едім.
Анар КӨШКІНБАЕВА, Талғар
Сіздің сауалыңызға педиатр-дәрігер Тәрбие Әбдіхалыққызы жауап береді. Көкжөтел – балалар арасында кең тараған инфекциялық аурудың бір түрі. Аурудың негізгі белгісі жөтел болып табылады. Бүгінде көкжөтелдің алдын алудың жалғыз емі вакцина егу болып табылады. Екпе балаларға 3 және 18 айында, сосын 2,3,4 жасында егіледі. Ауруға қарсы вакцина егу алғаш рет осыдан 70 жыл бұрын жүзеге асырылды. Нәтижесінде аурудың бұл түрін күрт төмендетудің мүмкіндігі туды. Біздің елімізде көкжөтелге қарсы вакцина егу 2008 жылға дейін АКДС вакцина түрінде егіліп келген. Қазіргі кезде егілетін вакцинаның құрамында көкжөтелмен қатар, басқа да ауруларға қарсы компоненттер бар.