Көктайғақ кезінде жарақаттан қалай аулақ болуға болады

Көктайғақ кезінде жарақаттан қалай аулақ болуға болады

Мұқият болу мен сақтық – бұл мінез-құлықтың негізгі қағидаттары, оларды көктайғақ кезінде қатаң сақтау керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.

 

Байқап жүру
Тіпті сіз қатты кешігіп жатсаңыз да, мұзда жүгіруге тырыспаңыз. Жүрген кезде сіз барынша табаныңызды нық басып, тізеңізде босаңсытуыңыз керек. Өзіңізді пингвин секілді елестетіңіз. Аяғыңызды сәл бүгіп, тізеңізді ауыртпай, бүкіл табанға басып ақырын жүріңіз. Жылдам жүрмеңіз, аяғыңызды жоғары көтермеңіз. Қадам неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Мұздың үстінде ешқашан қолыңызды қалтаңызға салмаңыз.

 

Дұрыс аяқ киім киіңіз
Көктайғақта табаны сырғанайтын өкшелер мен аяқ киімдер киюді ұмытып кету керек. Керісінше, автомобилдің қысқы дөңгелегі сияқты жердің бетіне «жабысуды» жақсы қамтамасыз ететін етік пен бәтеңкені таңдау керек.

 

Құлап бара жатқан кезде ыңғайлы құлауға тырысу
Егер сіз сырғып, құлап бара жатқандай сезінсеңіз, дене салмағыңызды бірден алға және бүйірге ауыстыруға тырысыңыз. Арқаға құлаудан аулақ болу керек. Егер сіз құлап аздап ауырсынуды сезсеңіз - дәрігерге барыңыз. Кейде тіпті жеңіл ауырсыну буын шығуының белгісі болуы мүмкін, ал кейбір жарақаттар уақыт өте келе пайда болады. Бүйірге құлау қауіпсіз екенін есіңізде сақтаңыз және ешқандай жағдайда қолыңызды немесе аяғыңызды құлаған жаққа салмаңыз, керісінше мүмкіндігінше денеңізді бос ұстауға тырысыңыз.

 

Дене аздап соғылған жағдайда медициналық көмекті алмауға болады. Басыңызды мұзға ұрған жағдай ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды – тіпті аздап мидың шайқалуы бастың ауруына, көздің көру өткірлігінің төмендеуіне немесе есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста