«Көкіл» деген не?

«Көкіл» деген не?

Алматы қаласында «Көкіл» атты музыкалық мектеп бар. Менің білгім келетіні, «көкіл» деген не? Қазақтың музыкаға қатысты көнерген сөзі ме?Алмас Райханов, Атырау қаласы

«Көкіл» – белгілі күйші бабамыз Қазанғаптың  күйінің атауы.      Зерттеушілердің айтуынша, «Көкіл» Қазанғап шығармаларының ішіндегі ең шоқтығы биік туындысы екен. Бұл күйдің шығу тарихы жайлы зерттеуші С.Балмағамбетов былай дейді: «Қазанғап жасында сал-серілік ғұмыр кешіп, жүріңкіреп қалып кештеу үйленеді. Сол себепті баланы да зарығып көреді. Тұла бойы тұңғышы Ақшыбық деген қыз бала екен. Осы баласын еркелетіп, «Көкілім менің, кекілім менің», – деп атаса керек. Ақшыбық көкірек ауруынан жастай қайтыс болады. Сүйікті баласын жоқтап, тағдырға мұңын шағып, «Көкіл» күйін шығарады. Бұл – Қазанғаптың  терең мағыналы, ойлы, философиялық  күйлерінің бірі. Күйшінің өзі де «күй төресі – «Көкіл» деп тартқан екен», – деп жазады. Қазанғаптың мол мұрасы күйшінің көзін көріп, дәмдес болған шәкірттері арқылы бізге жетіп, қазақ музыкасының  алтын қорына қосылған баға жетпес құнды дүниеге айналды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста