Абайдың ақын шәкірттерінің бірі Көкбай Жанатайұлының туғанына биыл 150 жыл екен. Абайдың өзі қадір тұтқан шәкірт пен ұстаз арасындағы достық байланыс туралы жазсаңыздар.
Қамар, Астана қаласы
Көкбай 1861 жылы Семей облысы Мұқыр болысына қарасты Тақыр ауылында туған. Тобықты ішінде Көкше руынан. Ақын алғашқы білімді ауылда ашылған мектепте, одан кейін Семейдегі медреседе алған. 1876-1878 ж.ж. Семейдің уездік мектебінде білім алған. Мағауия сырқаттанып ауылға қайтқанда, Көкбай орыс оқуын тастап, медресеге ауысады. Абай оны естіп, оған реніш білдіреді. Мұсылманша оқыған соң, Көкбай әншілік, ақындыққа кеп ауысады. Абай мен Көкбай арасындағы шығармашылық байланыс 25 жылға созылады. Алғашында Абай өз өлеңдерін Көкбай атымен таратқан. Көкбай абайтану іліміне де өз үлесін қосты. 1933 жылғы Абайдың толық жинағындағы Абай өмірбаянына көп мәліметті Көкбай берген.
Биыл қыркүйектің 16-17-сінде Қарауылда Көкбай тойы облыстық деңгейде тойланбақшы.
Көкбай мен Абай
Последние статьи автора