Мен колледжде кітапханашы болып жұмыс істеймін. Менің білгім келгені, колледжде жұмыс істейтін кітапханашыларға жыл сайынғы еңбек демалысы мұғалімдермен бірдей беріле ме?
Күләнда айтқалиева, Атырау облысы
Сіздің сауалыңызға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшы маманы Ш.Молдабекова жауап береді:
– Бұл оқу орнының ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты. Мәселен, егер коллдеж мемлекеттік мекеме болып, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын болса, онда колледжде жұмыс істейтін кітапханашыларға еңбек демалысы азаматтық қызметкерлер ретінде 30 күн мөлшерінде беріледі. Ал оқу орны жекеменшік болса, демалыс 24 күннен кем емес мөлшерде берілуге тиіс.