Мектеп мұғалімдеріне санатына қарай қосымша ақы қосылатын болғаны белгілі. Осы орайда менің білгім келгені, мектеп кітапханашыларына да санатына қарай қосымша ақы төлене ме?
Майра ЛЕСБАЕВА, Алматы облысы
Бұл сұраққа ҚР Білім және ғылым министрлігі мамандары төмендегідей жауап берді:
– ҚР Білім және ғылым министрлігі сіздің санаттағы мұғалімдердің қосымша ақы мөлшерін ұлғайту туралы хатыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды. 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап: бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарындағы, жалпы типтік, арнайы білім беретін, мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарының, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдерге; – мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардағы, жалпы типтік, арнайы білім беретін мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарының, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағыкәмелетке толмағандарды оңалту орталықтарындағы тәрбиешілерге біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшері ұлғайтылады. Сондай-ақ мектеп кітапханашыларының біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшері қолданыстағы мөлшерде қалады.
Кітапханашыларға санатына қарай қосымша ақы төлене ме?
Последние статьи автора