Мектеп кітапханасын пайдаланудың өз тәртібі бар дейді. Бірақ ол жайында бізге ешкім толық мәлімет бермейді. Оқырманның құқықтары мен міндеттері туралы жазсаңыздар.
Айнұр, оқушы
Кітапханаға жазылу кезінде оқырман кітапхананың тіркеу құжаттарын толтыруға қажетті мәліметтерді айтуға міндетті. Оқырман мектептен кеткен жағдайда оған тіркелген барлық кітапхана қорының құжаттарын тапсыруға міндетті. Оқырман келесі міндеттерді орындауға тиіс:
- алынған құжаттарды кітапхана бекіткен мерзімде тапсыру;
- кітапханадан тіркеусіз құжаттарды алмау;
- кітапханаға тағаммен немесе сусынмен, сыртқы киіммен кірмеу;
- сағыз шайнамау;
- мұғалімсіз сабақ уақытында кітапханада жүрмеу;
- кітапхана қорына ұқыпты қарауға (кітаптарда белгілер жасамау, сызбау, кітап беттерін жыртпау, бүктемеу);
- кітапханада тыныштық сақтау, ашық сөрелерде тұрған кітаптардың орнын ауыстырмау;
- құжаттарды алу барысында оқырман оны анықтап қарап, ақауларын байқаған жағдайда кітапханашыға айту;
- тыйым салынған сайттарды пайдаланбау, компьютер ойындарын ойнамау.
Кәмелетке толмаған оқырмандар кітапхана қорынан құжатты жоғалтқан немесе зиян келтірген жағдайда ата-аналары немесе қамқоршылары жауапты болып саналады. Кітапхананы пайдалану ережелерін бұзған оқырмандар кітапхана бекіткен мерзімге алу құқығынан айрылуы мүмкін. Заңда қаралған айрықша тәртіп бұзушылық үшін оқырман әкімшілік, азаматтық-құқықтық, қажет жағдайда тіпті қылмыстық жауапқа тартылады.
Кітапханада сағыз шайнауға болмайды
Последние статьи автора