Мектепте кітапхана меңгерушісі болып қызметке кіріспекпін. Осы ретте сұрайын дегенім, бір жүктеме бойынша күніне қанша сағат еңбек етуім керек және оның айлығы қалай болады?
Жаннұр, Қарағанды қаласы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысының 19-қосымшасына сәйкес, кітапхана меңгерушісі мен кітапханашының толық жүктемесі 40 сағаттық жұмыс аптасында сегіз сағаттық толық жұмыс күнін құрайды. Кітапхана меңгерушісі жұмысымен бірге, кітапханашының бос орны лауазымы бойынша қоса міндеттеме атқарған кезде қызмет көрсету көлемінің ұлғаюына байланысты оған лауазымдық еңбекақы көлемінің 50%-ы мөлшерінде үстемеақы белгіленеді. Аталған қаулыға сәйкес, кітапхана меңгерушісі үшін G-8 санаты бойынша, кітапханашы үшін G-10, G-12, G-13 санаты бойынша біліміне байланысты төлемақы белгіленеді, ол қызметкердің лауазымы мен лауазымдық санатына, мамандығы бойынша еңбек өтіліне, тағайындалған біліктілік дәрежесіне және лауазымдық төлемақыны есептеу үшін бекітілген коэффициентке байланысты анықталады.