Күйзеліске түскен адам кітап оқыса жеңілдеп, ол күйден шығады деген пікір қаншалықты негізді? Бүгінгі таңда осы тәсілдің адамның жүйкесін емдеуге көмегі бар ма?
Шынар, Талдықорған қаласы
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде Оксфорд университетінің ғалымдары кітап оқу ақыл-ойды ғана емес, жан мен тәннің саулығын да арттырады деген қорытындыға келіп отырғанын мәлімдейді. Әсіресе кітап оқудың күйзелістен арылтуға ықпалы зор екен. Зерттеушілердің мәліметінше, ғалымдар кітапты көп оқитын бір топ адамның миын магнитті-серпінді бақылаудан өткізген. Соның нәтижесінде әлдеқандай иіс, ландшафт немесе дәм туралы оқығанда адам миының қабылдауға жауапты бөліктерінің белсенді әрекет ететіні анықталды. Мұндай эффект теледидар қарағанда немесе компьютерлік ойын ойнағанда да байқалмайтын көрінеді. «Кітап оқу – адам миы үшін айрықша жаттығу. Түрлі шығармалардың ішіне ойша ену адамның елестету, қиялдау мүмкіндігін арттырады. Бұдан адамның физикалық және психикалық жай-күйі жақсарады», – дейді профессор Джон Стейн. Ғалым кітап оқуға ерте жастан машықтанудың пайдасы зор екенін айтады. Кітап оқуға жұмсалған алты минут уақыттың ішінде адамның күйзеліс деңгейі төрттен екіге төмендейді екен және бұл жағынан ол музыка тыңдағаннан немесе жаяу серуендегеннен әлдеқайда пайдалырақ.
Кітап оқудың қандай пайдасы бар?
Последние статьи автора