Кітап мұражайы қайда бар?

Алматыға жолым түссе, сондағы кітап мұражайында болғым келеді. Сол жайында аз-кем мағлұмат берсеңіздер.
Ұзақ Бектемірұлы,
Ақтөбе қаласы
Алматы қаласындағы Рес­пу­бл­и­калық кітап мұра­жа­йы 1978 жы­лы ашылған. Бұл – бұрынғы Ке­ңес Ода­ғын­дағы Мәскеу мен Киевтен кейінгі үшінші, ал Азия ай­мағы бойынша алдыңғы қатар­да­ғы жалғыз кітап мұ­ражайы. Мұн­да 50 мыңнан астам кітап қоры сақ­тау­лы. Мұражай қоры әр кезде толықтырылып оты­ра­ды. Мұражайдың алты залында түрлі халықтардың бас­па ісі мен жазу тарихына қатысты құнды заттар қой­ыл­ған. Мұнда тек кітаптар ғана емес, сонымен қатар қа­зақ же­рінде туған ғұламалардың ең­бек­тері, түрлі-түсті тарихи су­рет­тер, қару-жарақтар мен киіз үйдің әсем жабдықталған нұсқасы бар. Мұражайдың қо­рын­да аса сирек кездесетін кітаптармен қатар, көне қол­жазбалар қоры да сақталған. Олардың көбі парсы, ша­ғатай, араб, латын, кириллица әріпте­рі­мен жа­зыл­ған. Мәселен, онда бір ғана қасиетті Құран кіта­бы­ның 98 түрі сақтаулы. Қазіргі кезде бұл кітап мұражайында әр­түрлі тақы­рып­тарды қамтитын түр­лі әдеби-та­ным­дық кеш­тер, белгілі қалам­гер­лердің оқыр­ман­дарымен кез­де­сулері ұйым­дас­тырылып келеді. Бай әде­бие­ті­міздің ин­теллек­туал­дық қо­ры­ның бірі саналатын кітап мұ­ра­жа­­йының қоры сондай-ақ із­де­ніс жолындағы ға­лым­дар үшін үл­­кен дерек көзі саналады. Мұ­ра­­жай Ал­ма­ты­дағы Қабанбай батыр көшесі, 94-үйде орналасқан.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста