Кетбұға өмірде болған адам ба?

Кетбұға ақын өмірде болған ба? Кейбір әңгімелер оның тек аңыз кейіпкері ғана екенін айтады.
Талғат НҰРЖАУ,
Қызылорда облысы
Энциклопедиялық анықтамалықтар Кетбұға ақынның  шамамен (өткен жыл санау бойынша) 1150 жылдары өмір сүргенін жазады. Ақын, күй­ші, аңыз кейіпкері орта жүз құрамындағы найман тайпасының бағаналы тармағынан шыққан. ХІV ғ жазылған «Шаджарат әл-атрак» («Түрік шежіре­сі») атты кітаптағы деректер бойынша, Дешті Қып­шақ әмірі Жошы хан аң аулап жүріп қаза тапқанда, Шыңғыс ханға қаралы хабарды жеткізу­ге ешкім бата алмайды. Сонда Кетбұға ауыр мін­дет­­ті өз мойнына алады. Әуелі: «Теңіз бастан был­ғанды, кім тұндырар, а, ханым, Терек түптеп жы­ғыл­ды, кім тұрғызар, а, ханым?», – деп Шыңғыс ханды қаралы хабарға әзірлеп алады да, баласы Жошының өлімін күймен естіртеді. Кетбұғаның бізге осы «Ақсақ құлан – Жошы хан» күйі және күй шығарар алдында айтқан бірнеше жол өлеңдері ғана жетті. Басқа әдеби немесе музыкалық шығармасы сақталмаған. Алайда кезінде ол Ұлығ жыршы деген  атаққа да ие болған. Кетбұға сөз өнерінің дамуына да ерекше ықпал еткен көрнекті тұлға болғандығы байқалады. ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың алғашқы ширегінде жасаған Доспамбет жырау өз шығармаларында Кетбұға туралы үлкен құрметпен айтады. Ол туралы аңыздар қырғыз фольклорында да байқалады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста