КСРО құрылғанға дейін бізде түрлі саяси партиялар болғанын білеміз. Бірақ оқушы жастар мен студенттердің саяси ұйымдары болғаны жөнінде көп айтылмайды. Осы мәселенің анық-қанығын білгім келеді.
Гүлден ӘЛИ, Семей
Ақпан революциясынан соң Қазақстанда жаппай жастардың түрлі саяси ұйымдары құрыла бастады. Мысалы, Омбыда – оқушы жастар мен ауыл мұғалімдерінің өкілдерінен «Демократияшыл оқушы жастардың кеңесі», Ақмолада – «Жас қазақ», Спасск зауыттарында – «Жас жүрек», Петропавловскіде «Талап» т.б. ұйымдар жұмыс істеді. Бірақ бұл ұйымдардың бір бөлігі кеңестіктерді қолдаса, енді бір шоғыры либералдық ұлт зиялылары жетекшілерін идеал тұтты. Мәселен, С.Сейфуллин басқарған «Жас қазақ» пен Т.Рысқұлов басқарған «Қазақ жастарының» революциялық одағы кеңестерді жақтады. Жастар ұйымдары бастапқы кезеңде мәдени-ағартушылық міндеттермен айналысса, кейіннен таптық, әлеуметтік және саяси сипаттағы мәселелерді шешумен айналыса бастады.
Кеңестік кезеңге дейін қазақ жастарының қандай саяси ұйымы болды?
Последние статьи автора