Кенеден қалай сақтану керек?

Күн жылынысымен кенелердің белсенді болатынын білеміз. Осы орайда олардан сақтану жолдары жайлы айтсаңыздар екен.
Дидар,
Алматы қаласы
ҚР ДСМ МСЭҚК «Алматы қала­сының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы Қ.Қардасыновтың айтуына қарағанда, кенелер аса қауіпті жұқ­палардың тасымал­дау­шылары болып, кене энцефалиті, көкала тәрізді қауіпті аурулардың қоздырғыштарын тасы­малдайды. Сәуір, шілде айларында олардың белсенділігі артады. Кене энце­фалитінің ең көп жерлері – Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласының аймақтары. Ал көкала Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында кезде­седі. Мысалы, 2012 жылы Алматы қаласы аймақтарында 500 адамды кене шаққан, оның 8-інде зертхана тексеру бойынша оң нәтиже берді. «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы А. Матвееваның ай­туына қарағанда, кене вирусы – иксод кенелерінің 14 түрінен анықталған. Олар ауа райы қолайлы өлкелерде өсіп-өнеді және сондай жердің тұр­ғын­дарына қауіп туғызады. Мыса­лы, көкала ауруының әсерінен адам қазаға ұшырайды, ал кене энце­фалитінен өте ауыр кеселге ұры­нып, сал ауруына шалдығып, мүгедек болып қалады.
Әлімжан Құрбанов, дезинфекция стансысы маманы:
– Жыл сайын Алматы қала­сының ау­мағында 1000-нан аса кене шағу фактісі тіркеледі. Кенені жабысып тұрған жерінде сығып өлтіргенде адамға жұқ­палы аурулардың вирусы жұғуы мүмкін. Соңдықтан денеге жабы­сып тұрған кенені бай­қасаңыз, жедел дәрігерге көрініңіз.
Тауға шыққанда, далаға, саяжайға бар­ғанда төмендегі сақтық шараларын ескерген жөн: Жеке бас гигиенасын сақтау; кене ша­ғудан қорғану үшін арнайы киім кию; кенеден сақтанатын репелленттік заттар қолдану; үйге келген соң, киімді қағып, сілкіп жуу; себіндіге түсіп жуыну.
Бекболат Өтегенов, дезинфекция стан­сысы маманы:
– Кене жабысқанда оны қолмен алуға болмайды, өсімдік майын тамызып, күту қажет, өзі түседі. Және кене шаққан жерді йод ерітіндісімен сүрту қажет.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста