Кенеден келер қауіп қандай?

Көктемнің келуімен кенелер мен масалар және шыбын-шіркей көбейеді. Солардан келетін қауіп және одан қорғану жолдары жайлы айтсаңыздар.
Қуандық ДӘРМЕНОВ,
Алматы облысы
К. КАРДАСИНОВ, ҚР ДСМ МСЭҚК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК  маманы:
–Көктемнің келуімен кене, маса және шыбын-шір­кей­лер белсенді бола  бастайды. Олар аса қауіпті жұқ­па­лар­дың тасымалдаушылары болып, кене энцефалиті, безгек, лей­ш­маниоз, көкала  тәрізді қауіпті аурулардың қоз­­дыр­ғыштарын тасымалдайды. Адамдарға ауру қан­сорғыш жән­діктердің шағу арқылы жұғады.  Көк­тем, жаз мез­гіл­де­рінде өсіп-өну үшін аса белсенділік танытып, жан­уар­лар­ға, төрт түлік малға және адамға қан сору үшін шабуыл жа­сайды. Кене ауыл шаруа­шы­лығы жануарларын күтіп бап­тау, саяжайлық учас­ке­лерде жұмыс істеу, таулы жерде дем алу, жеміс-жидек жинау барысында шағуы мүмкін. Ал үйге гүл шоғымен кіруі ықтимал.
Кене энцефалиті – адамның орталық жүйке  жү­йесін за­қымдайтын, кене шағу салдарынан пайда бо­латын аса қа­уіпті ауру. Энцефалит вирусын тасы­мал­дау­шы кене шақ­қан жағдайдың 20-30 пайы­зында адам өте ауыр ке­селге ұрынып, сал ауруына шал­дығып, мүгедек болып қа­луы,тіпті  қазаға  ұшы­рауы мүмкін.    
Кененің үлкен қауіптілігі: оның адам денесіне жа­бысып және қадалып соруы мүлде байқаусыз және ауырмайды. Сондықтан да көп жағдайда адам де­не­сіне жабысқан кенені араға уақыт салып  байқауы мүм­кін.
Аурудың алдын алу үшін кене шаққанда дер кезінде дә­рігерлерге көріну керек!   
ЕСКЕРТУ, кене шаққанын байқасаңыз: 
– кененің басы теріге кірген жеріне өсімдік майын тамызып, күту қажет, өзі түседі немесе абайлап қысқышпен шығарып алып отқа жағыңыз;        
– кене шаққан жерін йод ерітіндісімен сүрту керек;
– орман, тоғайда жүрген кезде, мал қораны та­залағанда үстіңізді мұқият қарап жүргеніңіз жөн;
–  өрістен келген малдардың үстінен, мал қорадан кенені көрсеңіз, оны қолғап киіп, теріп отқа жағыңыз;
– ешуақытта қолмен кенені езбеңіздер;
– егер Сіз кенелер өмір сүретін қауіпті аумақта бол­са­ңыз, ашық түсті киім киіңіз, шалбарыңыздың ба­ла­ғын шұлықтың  ішіне, жейдеңізді шалбардың іші­не са­лып киіңіз жә­не міндетті түрде кенені анықтау үшін бір - біріңізді  мұ­қият қараңыздар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста