Кеден қызметіне алынудың талаптары қандай?
Кеден ісі мамандығы бойынша алған жоғары білімім бар. Бірақ кеден саласында жұмыс тәжірибем жоқ. Кеден органдарына жұмысқа қабылдану үшін қандай талаптар қойылады?
Ерлан, Алматы қаласы
ҚР «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 479-бабына сәйкес, кеден органдары қызметіне республиканың жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы, физикалық дамуы және білімі жағынан өзіне берілген міндеттерді атқаруға қабілетті азаматтар қабылданады. Қойылатын талаптар: 1) ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссиясы берген қызметке жарамдылық туралы медициналық қорытындысы; 2) міндетті арнайы тексерістің қорытындысы; 3) ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларында бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестік. Қызметке қабылданғаннан кейін арнайы шен берілмейтін үш ай уақытқа сынақ мерзімі тағайындалады. Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін және бұрын мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептерге байланысты аластатылғандар кеден қызметіне алынбайды.