Картинаны қалай күтемін?
Картиналарды үй жағдайында сақтағанда қандай арнайы күтімдер жасау керек?
Нұржан СӘДУАҚАСҰЛЫ, Алматы қаласы
Картиналар ілінген бөлмедегі ауа температурасы 18-220 С мөлшерінен, ылғалдылығы 70-75 пайыз деңгейден аспағаны жөн. Есіңізде болсын, картинаны асүйге ілуге болмайды. Өйткені тағам пісіргенде шығатын бу картинаға кері әсер етеді. Картинаны күн сәулесі тікелей түсетін қабырғаға ілсеңіз, ондағы майлы бояулардың түсі өзгеріп кетуі мүмкін және жарықпен қоса жылу бөлетін шамдардың жанынан да картинаның қашықтау тұрғаны дұрыс. Картинаға су тигізуге, тазалаған кезде химиялық ерітінділерді қолдануға болмайды. Қатты кірлеген жағдайда аммиак ерітіндісін қолдану керек. Шаң басқан картина шаңсорғышпен және жұмсақ щеткамен тазартылады. Картинаның артқы бетіне шаңнан қорғайтын картон немесе крафт секілді арнайы қағаздар жапсырып қойған жөн. Майлы бояумен салынған суреттерді әйнектің астына қоюға болмайды. Картинаңыз алтын жалатылған жиекпен көмкерілсе, жиегі уақыт өткен сайын қараюы мүмкін. Сондықтан картинаның жиегін аз мөлшерде спирт қосылған құрғақ фланельмен сүртіп тұрған дұрыс. Тағы бір есте сақтайтын жайт, картина көзге жақсы көріну үшін оның жоғары жақ бөлігін сәл еңкіштеу етіп ілген жақсы.