Кәріс аруларының сұлулық құпиясы

Олардың бет терісі қай уақытта да тегіс, таза, тартымды көрінетіні жасырын емес. «Көрген жанның көзі тоймайды». Өзге елдің тұрғындары, әсіресе сылқымдары оның құпиясын білуге қашан да құмар. Олардың сүйкімді көрінуінің бар сыры – ұқыпты, жүйелі жасалған тері күтімі ғана. Сондықтан болар, қазіргі таңда кәріс косметикаларына деген сұраныс өте жоғары. Табиғи сұлу көрінудің қандай құпиялары бар екен, бірге білейік.

1.Ұлу шырышы

Бетке арналған корейлік кремдердің ең маңызды қоспасы. «Ұлу шырышы» — естігенде жиіркенішті көрінгенімен, пайдасы, әсері өте керемет. Бұл қоспа 1960 жылдары ойлап табылған. Оның артықшылығы – бет терісін тартып, әжімдерді кетіреді. Тері тазарып, жылтырланады.

2.Жүйелі тазарту

Кәріс бойжеткендері макияжды тазартуға 15 минут не одан да көп уақытын жұмсайды екен. Бұл – олар үшін қалыпты жағдай. Олар арнайы макияж сүртетін гидрофильді майды қолданады. Ол қоспа тіпті қалың, кәсіби гримдердің де ізін қалдырмай, тазалай алады.

1-саты: Гидрофильді майдың көмегімен мейк-апты сүрту;

2-саты: Жұмсақ тазартқыш пенка.

3-саты: Бәрінің соңынан скрабпен жуады.

3.Тональды кремнің орнына ВВ-крем

Тональды крем бетті құрғатып, тесіктерін бітеп тастауы мүмкін. Сондықтан кәріс қыздары мүмкіндігінше ВВ-крем қолданғанды құптайды. Ол бетті біртегіс етіп көрсетуімен қатар, теріні нәрлендіретін, корей декоративті косметикасының хиты J!

4.Косметиканы жиі ауыстыру

Америкалықтар мен европалықтарға қарағанда корейлер көсметикалық тауарларды жиі өндіреді. Маусым сайын әр компания өздерінің жаңа туындысын көпшілікке ұсынып отырады. Демек тұтынушылар да әр кезең сайын жаңа күтім құралдарын пайдаланып, келбеттерін сұлуландыра түседі.

Күннен қорғану
Біз әдетте денсаулығымызға пайдалы деп, күнге қыздырынғанды жөн санаймыз ғой. Тіпті, кейде қорғанатын кремді де қолданбаймыз. Ал кәріс арулары күнге қыздырынғанды ұнатпайды. Күннің бет терісіндегі әжімді күшейтетіні – дәлелденген жайт. Олар сол себепті күннен қорқады. Жағажайға бара қалса, жандарында үнемі SPF-қорғанысы жүреді.

6.Матадан жасалған маскалар

Олар мақта талшықтарынан жасалады. Құрамында табиғи балшық, алоэ, сүтті протеиндер, ұлу шырышы болады. Оны күнделікті кешкісін қолдансаңыз, бетіңізді нәрлендіріп, ылғалдандырады. Тері тынығады.

Май, май, тағы да май
Жалпы азияттықтар терілеріне майлы қоспалар жаққанды ұнатады. Бетке бірнеше қабат етіп жағып тастаудың зияны жоқ. Тек артынша жақсылап тазартқаныңыз жөн. Кокос майы, арган және басқа да эфир майларын кремнің астына қолдансаңыз, керемет әсер береді, нәзіктік сыйлайды.

Көз астына арналған патчилар
Олар көз асты терісіне айрықша күтім жасайды. Олар көздің қалталануынан, ұсақ әжімдердің пайда болуынан сақтайды. Артынан жууды қажет етпейді, сондықтан кез келген уақытта кез келген бос уақытыңызда қолдана аласыз.

Ерітінді және эмульсия
Олар мұны күнде кешкісін маймен бірге қолданады. Құрамына теңіз өнімдері, ешкі сүті кіретін түрлері жақсы сұранысқа ие.

Пилинг
Үй жағдайындағы пилингті олар аптасына 2-3 рет жасайды. Нәтижесінде тері тегістеліп, әжімдер жойылады.

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста