Біз 18-ге толған баланы кәмелетке толды дейміз. Әлемнің барлық елінде осылай ма? Кейбір елдерде балиғат жасы деп 21-ді айтатынын естіген едім.
Гүлнұр Оразова, Алматы қаласы
Кәмелет жасы әлемнің БҰҰ-ға мүше елдерінің денінде 18 жастан бастап есептеледі. Ал Канадада және АҚШ-тың Алабама, Вайоминг, Небраска штаттарында азаматтық қабілеттілік жасы – 19. Корея Республикасы, Тайвань, Тунис пен Жапонияда кәмелет жасы 20 деп бекітілген. Бахрейн, Гвинея, Гондурас, Мысыр, Камерун, Кот-д-Ивуар, Лесото, Мадагаскар, Монако, Сингапур, Чад және Американың Миссисипи мен Пуэрто-Рико штаттарында кәмелетке толғандар деп 21 жасқа келгендерді айтады. Кейбір елдерде балиғат жасы 18-ден төмен. Айталық, Фарер аралдарында – 14, Кубада – 16, Солтүстік Кореяда 17 жас азаматтық қабілеттілік жасы деп белгіленген.
Кәмелет жасы әлемнің барлық елінде бірдей ме?
Последние статьи автора