Какаоның пайдасы мен зияны айтылды
Какаоның пайдасы мен зияны туралы "СМ-Клиникасының" балалар эндокринологы және диетолог Оксана Михалева айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Маманның айтуынша, бұл сусын қан қысымын төмендетеді, қан тамырларын кеңейтеді, "жаман" холестерин деңгейін төмендетеді, сонымен қатар көңіл-күйге жақсы әсер етеді.
Бұл ретте маман сусынды, әсіресе, артық салмағы бар адамдар, сондай-ақ жүкті әйелдер тым көп ішпеуі керек екенін ескертті. Ол шамадан тыс қозғыштығы мен ұйқысыздығы бар адамдарға какао ішуді тоқтатуға кеңес берді, өйткені сусынның құрамында кофеин бар.
"Семіздік және қант диабетімен ауыратын адамдарға су немесе майсыз сүтке какао дайындап, қанттың орнына рұқсат етілген тәттілендіргіштерді қосу ұсынылады", - деді дәрігер.
Михалева сусын асқазан сөлінің өндірісін ынталандыратынын айтты. Осыған байланысты ол асқазан-ішек жолдары аурулары өршіген адамдарға күніне екі кесе какаомен шектелуге кеңес берді.