Кабинет меңгерушісіне қосымша ақы төлене ме?

Өткен айдан бастап мені мектептің компьютерлік кабинет меңгерушісі етіп тағайындады. Осы орайда менің білгім келгені,  компьютерлік кабинет меңгерушісіне қосымша ақы төлене ме?
Ақайша ҚОСЖАНОВА,
Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мама­нының мәліметінше, азаматтық  қызмет­шілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Азамат­тық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым­дар­дың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпо­рындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»  Қазақстан Респу­бли­­касы Үкіметінің 2007 жылғы 29 жел­тоқсандағы № 1400  қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) айқындалады.
Білім саласының қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үстемеақылар Қаулыға 4-қосымшада белгіленген, оның ішінде компьютер техникасына қызмет көрсету жөніндегі маман лауазымы көзделмеген білім беру мекемелерінде компьютер техникасына қызмет көрсету міндеті жүктелген мұға­лім­дерге, оқытушыларға немесе басқа қызметкерлерге жұмыс істейтін әрбір компьютер үшін БЛЖ-дан 3,5 %-дан ас­пай­тын мөлшерде қосымша ақы, соны­мен бірге, мұғалiмдерге, оқыту­шы­ларға, өндiрiстiк оқыту  ше­бер­лерi­не және оқытушылық  қызметтi жүргiзе­тiн қызметкерлерге, оқыту кабинеттерiн (зертханаларды, шебер­ханаларды, оқу-консультативтiк пункт­тердi) мең­гергені үшін мектеп­тер­де және мектеп-интернаттарында, бала­лар үйлерiнде БЛЖ-ның 20 пайы­зы мөлше­рінде қо­сым­ша ақы қарасты­рыл­ған.
БЛЖ (базалық лауазымдық жала­қы) бүгінгі күні 17 697 теңгені құрай­ды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста