Іссапарға барған қызметкерге төлем төлеу тәртібі қандай?

Мен біліктілікті арттыру бойынша іссапармен басқа қалада 17 күн болып қайттым. 17 күннің төрт күні сенбі, жексенбіге, яғни демалыс күндеріне тура келді. Есепші «демалыс күндеріне төлем төлемейміз» деп отыр. Осы заңды ма? Іссапарға барған қызметкерге төлем төлеу тәртібі қандай?                             
Ықтияр БАҚТИЯРОВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының  сарапшы маманының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабына сәйкес, жұмыс берушiнiң жолдамасы бойынша бiлiм беру ұйымдарында оқитын адамдарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.
Кодекстің 1-бабына сәйкес iссапар – жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгiлi бiр мерзiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жiберу, сондай-ақ қызметкердi басқа жерге оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу.
Кодекстің 152-бабы бойынша іссапар уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.
Iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге:
1) қызметтiк iссапарда, оның iшiнде жолда болған күнтiзбелiк күндерi үшiн тәулiктiк төлемдер; 2) баратын жерiне дейiнгi және керi қайтудағы жол жүру шығыстары; 3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленедi.
Қызметкерлердi iссапарға жiберудiң талабы мен мерзiмi еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.
Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлар шығысының өтелу шарты мен тәртібі «Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысымен реттеледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста