Іссапарда жүрген күндердің жалақысы сақтала ма?

Іссапарда жүрген күндердің жалақысы сақтала ма?

Мен бір мектепте – негізгі, екінші мектепте қосымша жұмыс атқарамын. Негізгі жұмысым бойынша іссапарға барған жағдайда қосымша жұмыс орнымда жалақым сақтала ма?
Зайра СМАҒҰЛОВА, Қостанай облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысы маманының мәліметінше, Еңбек кодексінің 1-бабына сәйкес, iссапар – жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгiлi бiр мерзiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жiберу, сондай-ақ қызметкердi басқа жерге оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу.
Кодекстің 152-бабы бойынша іссапар уақытында қыз­меткердiң жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.
Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыс­тары;
3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.
Қызметкерлердi iссапарларға жiберудiң талаптары мен мерзiмдерi еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.
Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарларының шығыстары өтелуі шарттары мен тәртібі «Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республи­касының Парламенті депутат­тарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысымен реттеледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста