«Ислам Ренессансы» деген не?
Орта ғасырдағы ғылымның дамуына байланысты «Ислам Ренессансы» деген түсінік бар екен. Осы жайлы толығырақ айтсаңыздар... Ол қандай түсінік?
Омар ИСЛАМ, Алматы облысы
Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, Араб елдері Орта Азия ғалымдары (әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, ибн Рушд, Бируни, Махмұт Қашқари, Жүйнеки т.б.) елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салада толықтырып, дамытты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия т.б. ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды. Мысалы, Омейя әулеті халифатында ғылым үйі болды, онда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударды, ғылымның ерекше формасы, пәлсапа қалыптасты.