Іскерлік виза қандай жағдайда беріледі?
Қазақстанға келу үшін іскерлік виза кімдерге және қандай жағдайда беріледі?
Назерке Есенжолова, Ақтөбе
Іскерлік визалары Қазақстан Республикасына келесі іскерлік мақсаттармен келетін шетелдіктерге: 1) іссапар; 2) келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасасу, консультациялық және аудиторлық қызметтер көрсету; 3) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу; 4) мектеп оқушылары, студенттер және жастар арасындағы алмасу бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқудан басқа; 5) халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыру; 6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының куәлігі жоқ кезекті және чартерлік рейстер ұшақтарының экипаждары мүшелеріне, сондай-ақ поезд бригадаларына және кемелер экипаждарының мүшелеріне; 7) гуманитарлық көмекпен бірге жүрушілерге; 8) жоғары оқу орындарында қысқа мерзімді дәріс оқу, сабақ жүргізу; 9) жабдықтарды жинақтау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету; 10) ҚР әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына беріледі. Іскерлік (ІСВ) санаттағы визаларды беруге төмендегілер негіз болып табылады: 1) ҚР мемлекеттік органдарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың шақыруы; 2)белгілі бір елдер азаматтарының ҚР шетелдердегі мекемелеріне білдірген жазбаша өтініші, сондай-ақ ұлты қазақ шетелдіктер (ұлтын растайтын құжаттары болған жағдайда) шақыру қағазсыз және ҚР СІМ -нің нұсқауысыз.