Исатай Тайманұлының бірнеше ұлы шайқастарда қаза тапқаны белгілі, батырдың артынан қалған ұрпақтары бар ма?
Дидар ЖАҚЫПБЕК, Тараз
Исатай Тайманұлының ұрпақтары көп. Исатайдың алты ұлы – Жақия, Ақай, Оспан, Досмағанбет, Дінбаян, Әлпияр және бір қызы – Дүлзада болған. Ақай 20 жасында 1837 жылғы қазан айында хан ордасының түбіндегі шешуші шайқаста қаза болды. Оспан үйленбестен ауырып қайтыс болды. Жақия 1838 жылғы 12 шілдедегі Ақбұлақ өзенінің құйылысындағы ірі шайқаста әкесіне жәрдемдесіп жүргенде жау қолына түсіп, шетелге айдалып кетті. Содан хабарсыз кетті. Артында жалғыз ұлы Шахмет қалды. Одан – Шамақ, баласы Құрмет қалды. Құрмет Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман келіп еді, қазір өмірде жоқ. Балалары Исатай ауданында тұрады.
Ал Досмағанбеттің шөбересі – Шайдолла Қодаров сол жылдарда қала түбіндегі Жұмыскер селосында тұрған. Қазір өмірде жоқ. Баласы Ғазиз Қодаров Ғани Мұратбаев орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Исатай батырдың тағы бір баласы Дінбаяннан Өтепқали (1930 жылы қайтыс болды), Серәлі, Қарелі, Қарес, өмірге келсе, Өтепқалидан – Сәлен, Құбайдолла, Ибрайым, Қамза, Қишекен, ал Қамадан Уахит, Сайдол, Зейнеден туды. Бұлар Исатай ауданында тұрады. Қишекеннің баласы – Қабес Атырауда тұрады. Исатай батырдың шөберелері Атырау қаласында, Балықшы, Махамбет, Исатай аудандарында тұрып жатыр.
Исатайдың ұрпақтары бар ма?
Последние статьи автора