Ғаламторда қандай тілдер кең қолданысқа ие? Орыс тілі мен қытай тілінің үлесі қанша?
Сәбит Айжанов, Ақмола облысы
Интернет сайттары мен беттері ағылшын тілін негізгі тіл ретінде пайдаланады. Биыл W3Techs компаниясы жүргізген зерттеудің нәтижесіне қарағанда, ғаламдық желідегі сайттардың 55%-ға жуығы – ағылшын тілінде. Ал ағылшыннан басқа көп қолданылатын тілдердің қатарына неміс, жапон, испан, қытай, француз, орыс, итальян, түрік тілдері жатады. W3Techs-тің мәліметінше, веб-сайттарда көп қолданылатын тілдердің алғашқы ондығы мынадай:
ағылшын – 55,5%;
орыс – 6,3%;
неміс – 5,6%;
жапон – 4,9%;
испан – 4,3%;
қытай – 4%;
француз – 3,8%;
португал – 2,3%;
поляк – 1,8%;
итальян – 1,6%.
Интернетте қай тіл көп қолданылады?
Последние статьи автора