Өткенде интернет арқылы пойызға билетке тапсырыс бердім. Билетімді үйіме әкеліп берген маман билетті әкелгені үшін қосымша 350 теңге алды. Бұл дұрыс па?
Дәрмен, Алматы
Расымен де, Астана мен Алматы қалаларында интернет арқылы сатып алынған теміржол билеттерін үйге жеткізіп беру қызметі 350 теңге көлемінде бекітілді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың баспасөз қызметінен мәлім етті. Аталмыш шешім 1 сәуірден бастап күшіне еніп отыр.
Еске сала кетсек, бүгінде мемлекетішілік бағыттардағы – 48 пойызға, ТМД елдеріне қатынайтын – 25 және барлық қала маңы пойыздарына билеттерді интернет арқылы, нақты айтқанда «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның www.pcentre.kz сайтынан, сатып алуға болады. Интернет арқылы рәсімделген билетті сондай-ақ вокзалдың билет кассаларынан және теміржол билеттерін сатумен айналысатын жекеменшік кассалардан, өзіне-өзі қызмет ету трансакциялық терминалдарынан басып шығаруға болады.
Интернет арқылы билетке тапсырыс беру құны қанша?
Последние статьи автора