Интерактивті тақтамен жұмыс істеу қауіпті ме?

Мен өз сабағымда интерактивті тақтаны қолданамын. Білейін дегенім, мектепте интерактивті тақта мен зертханалық жабдықтар үшін кім жауапты? Интерактивті жабдық пен компьютердің зияны үшін мұғалімге үстемеақы төленуі тиіс пе?
Жадыра АМАНТАЕВА,
Ақтөбе облысы

ҚР Білім және ғылым министрлігі мамандарының мәліметінше, мектептегі жабдықтарға материалдық жауапкершілік жөніндегі келісім жасалған тұлға жауапты. Ол сол жабдықты пайдаланатын пән мұғалімі не зертханашы болуы мүмкін. Ал еңбек жағдайының зияндылығы жұмыс орнына қатысты жүргізілген аттестацияның нәтижесіне сай анықталады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Ұйымдардың өндірістік нысандарын еңбек шартына байланысты аттестациялау Ережесін бекіту» туралы бұйрығына сәйкес, интерактивті және басқа да техникалық жабдықтардың адам ағзасына зияны мен қаупін анықтау еңбек шарты жөніндегі аумақтық органдардың рұқсатын алған зертханалар арқылы жүргізіледі. Егер арнайы жүргізілген тексеру нәтижесі интерактивті тақтаның не басқа да заттардың зиянды екенін көрсетсе, онда еңбекақыға үстемеақы қосу мәселесі қаралады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста