Импакт фактор маңыздылығы

Мен негізі Қазақстан азаматымын. Бірақ Қытай Халық Республикасындағы бір ЖОО-да PhD оқып жатырмын. Олардың білім бері жүйесінің ережесі бойынша диплом алу үшін шетелдік азаматтардан импакт фактор талап етілмейді екен. Отаныма оралған соң сол дипломды нострафикациядан өткізу үшін менен импакт фактор мақаласы талап етіле ме?
Самал Шерубай,
Атырау облысынан
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі импакт фактор мақаласының талап етілетіндігін хабарлайды. Ғылыми дәре­же­сін беру ережесінің 20-тармағы бойынша Қа­зақстан Республикасы азаматтарының, шетел­діктердің және азаматтығы жоқ тұлға­лар­дың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану осы ереженің 21, 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өз­дері­нің жеке өтініштері немесе олар жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша фило­со­фия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылы­ми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асы­рылады. Аталған ереженің 21-тармағы бойын­ша ғылыми дәрежесін шетелде алған Қа­зақстан Республикасы азаматтарының, ше­т­­­ел­­­дік­тердің және азаматтығы жоқ тұлға­лар­­дың философия докторы (PhD), бейіні бо­йынша доктор ғылыми дәрежелерінде тану рә­сі­мі үш кезеңнен тұрады: 1) ғылыми дәре­же­нің берілгені туралы құжаттың түбірін рас­тау; 2) шетелде меңгерілген кәсіптік білім беру бағ­дарламаларының қазақстандық докто­ран­тураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсім­дері; 3) диссертацияның осы ереженің 5-8 тармақтарына сәйкестігін сараптау. Ере­же­нің 7-тармағына сәйкес, диссертацияның не­гіз­гі мазмұны кем дегенде жеті жарияла­ным­да, оның ішінде комитет ұсынатын ғылы­ми басы­лым­дарда кем дегенде үшеу, Томсон Рей­тер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reu­ters) компания­сы­ның ақпараттық базасының де­ректері бо­йын­ша нөлдік емес импакт-фак­торға ие немесе Scopus компаниясының де­рек­тер базасына кіретін халықаралық ғылыми жур­налда біреу, халықаралық конференция мате­риалында – үш, оның ішінде шетелдік кон­ференция ма­те­риалында бір мақала жариялануы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста