Менің әкем – үшінші топ мүгедегі, жасы 60-та. Денсаулығы жиі сыр береді. Жасына қарап ешкім жұмысқа да алмайды. Осы орайда менің білгім келгені – ІІІ топ мүгедектері зейнеткерлікке ерте шыға ала ма? Егер шығатын болса, мүгедектікке байланысты жәрдемақы мен зейнетақы қоса төлене ме?
Айткүл, Ақтөбе облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, ҚР 1997 жылғы 16 маусымдағы №126 «Қазақстан Республикасында мүгедектігіне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) азаматтарға мүгедектік тобына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалып төленеді.
Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемінде тағайындау «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек өтілі әйелдерге 20 жыл (еркектерге – 25 жыл) болған жағдайда (әйелдердің жасы – 58-ге, ал еркектердің жасы 63 толғанда) көзделген. Осы зейнеткерлік жасқа толған жағдайда, егер зейнетақы төлемінің мөлшері жәрдемақы мөлшерінен төмен болса, онда зейнетақы мөлшері осы санаттағы мүгедектерге белгіленген мүгедектік жәрдемақы мөлшеріне жеткізілуі тиіс.
Жеңілдікпен зейнеткерлікке шығуға тек бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген аналардың ғана (толық еңбек өтілімен 53 жасқа толғанда) құқығы бар.
Мүгедектікке байланысты жәрдемақыны және зейнетақыны қатар төлеу қолданыстағы заңнамаларда көзделмеген.
ІІІ топ мүгедектері зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?
Последние статьи автора