Ғылымның дамуы қай кезде және қай елден бастау алған?

Баз біреулер «ғылым Шығыстан бастау алды» десе, енді біреулер «ғылым Батыстан бастау алған» деп таласып жатады. Осы орайда менің білгім келгені, жалпы, ғылымның дамуы қай кезде және қай елдерден бастау алған?
Өмірбек РЫМҒАЛИЕВ,
Шығыс Қазақстан облысы
Деректерге сүйенер болсақ, ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғаш­қы нышандары Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мы­сыр, Үндістан, Қытай) қалыптасқан. Оның ал­ғы­шарты ретінде мифологияны атауға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалып­тастыруға ұмтылыс болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-антропоморфты сипатына бай­ланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді. Ғылымды қалыптастыру мифологиялық жүйені сынау мен бұзуды талап етті. Ғылымның қалыптасуы үшін басқа да әлеуметтік жағдай­лар: қоғамдық қатынас пен өндіріс дамуының жоғары деңгейі (ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінісі арқылы жеке тұлғалардың ғылыммен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік тудыру), сондай-ақ әртүрлі халықтар мен мәдениеттерді еркін қабылдау мүмкіншілігіне жеткізетін бай және жан-жақты мәдени дәстүрдің болуы қа­жет еді. Мұндай жағдай біздің заманымыздан бұрынғы VІ ғасырда Ежелгі Грекияда (Фалес, Демокрит т.б.) қалыптасып, табиғи бастау арқылы болмысты түсіндіретін мифологияға қарама-қарсы теориялық жүйе пайда болды. Мифологиядан бөліне отырып, теориялық натурфилософиялық білім синкретті түрде өзіне ғылым мен философияны танымдық бағытта біріктірді. Ежелгі Грекияда дамыған ғылым (Аристотель т.б.) қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды, олар ғылымның ерекше тәсілі – дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде білімнің кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезе­ңінде геометрия (Эвклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне бөлініп шықты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста