Ғылыми журнал ашу үшін не істеуім керек?

Ғылыми журнал ашу үшін не істеуім керек?

Қазіргі таңда магистратура және докторантурада оқитын азаматтар арасында ғылыми мақа­лаларын ақылы түрде бастыратын сапалы және мазмұнды газет-журналдарға зәрулік бай­қалады. Осы ретте сұрағым: мен өз атымнан жекеменшік түрде осындай ғылыми журнал ашып, оны Мәдениет және ақпарат министрлігіне тіркетіп, ай сайын шығаруым үшін не істеуім керек?
Қалдархан ӘЛІСЕЙІТҰЛЫ,
Алматы қаласы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі маман­дарының айтуынша, мерзімді ба­сы­лымды есепке қою үшін жекеменшік иесі Қазақстан Республика­сының «Бұқа­ра­лық ақпарат құралдары туралы» Заңы­ның 11-бабына сәйкес уәкілетті органға өті­ніш беруі қажет. Аталмыш өтінішке: – жеке тұлғалар үшiн – кәсiпкерлiк қызмет­пен айналысу құқығын растай­тын құжат­тың нотариалды түрде куәлан­дырылған көшірмесі; – заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәлан­дырылған кө­шір­мелері; – бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі. Өтінішпен қоса берілетін құжаттар уәкілетті ор­ганға келіп түскен күннен бастап 15 күн аралығында қаралуға тиіс. Ал баспасөз басылымының жарыққа шығу жиілігі өті­ніште көрсетілуі бойынша анық­талады. Сон­дай-ақ, жоғарыда аталған Заңның 12-­ба­бына сәйкес, басы­лымның тара­лы­мы 100 дана­дан кем болмауы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста