Заманауи технология жетістіктерінің өмірімізге дендеп енгендігі соншалық – кейде өркениеті жоғары деген шетелдердің өзін жолда қалдырдық па екен деп те ойлаймын...
Нұрзада БЕКМҰРАТҚЫЗЫ, Талғар
Шынымен де, соңғы уақытта еліміздегі ақпараттық-технология саласында үлкен серпіліс байқалады. Мысалы, қазақстандықтар қалта телефонын ең белсенді қолданушылар қатарында көрінді. Бұл туралы дүниежүзілік экономикалық форум сараптамасынан белгілі болды. Олардың есебі бойынша, Қазақстан ақпараттық-технология рейтингі бойынша 43-орынға тұрақтаған. Өткен жылы 55-орынды иеленген еліміз 12 сатыға жоғарылаған. Бұл көрсеткіш бойынша Фин елі көш бастап тұр. Ал екінші орында Сингапур, үшінші орында Швеция тұр. Қазақстанның алдында 42-орында Чехия тұрса, бір саты төмендегі 44-орынды Венгрия алыпты. Көрші Ресей 54-ші болып тұр. Ал мобильді байланыстың абонент саны бойынша Қазақстан 11-орынға табан тіреді. Біздің елде әр 100 адамда 156 мобильді телефон нөмірі бар екен.
Ғылыми технология жетістіктерін қалай пайдаланып жүрміз?
Последние статьи автора