Алоэны неліктен «үй гүлдерінің патшасы» дейді? Алоэ атауының өзі қай тілде, нені білдіреді?
Сәуле РАҚЫМОВА, Алматы
Алоэ – ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар өсімдіктер тобына жататын гүл. Отаны Оңтүстік Африка саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы «ащы» деген сөзді білдіреді.
Алоэ – жай сәндік үшін емес, емдік үшін өсірілетін гүл. Оның «үй гүлдерінің королі» деген атауы осыған тікелей байланысты. Косметикадағы пайдасын айтпағанда, осы бір гүл гинекология, стоматология, дерматология, хирургия, терапия, иммунология секілді медицинаның түрлі саласында кең қолданысқа ие. Сондай-ақ одан іш ауруы: гастрит, іш қату, асқазан жарасы ауруларына, жақыннан көрмеу көз ауруларына, тіпті тері, ауыз қуыстарының дертіне шипа болатын дәрілер жасалады.
Гүл патшасы кім?
Последние статьи автора