Қазақ даласына қасірет төндірген Голощекин кім болған? Қазақстанға келмей тұрып ол қандай қызметтер атқарған?
Мекен, Ақтөбе қаласы
Қазақты қынадай қырған Филипп Исаевич Голощекин (Шая Ицкович) 1876 жылы 26 ақпанда (ескіше 10 наурызда) Витебск губерниясындағы Невель деген шағын қаладағы ұсақ буржуаға жататын отбасында дүниеге келген. Ол 1903 жылдан бастап саяси ұйымдармен етене араласа бастады. Небәрі алты жылдың ішінде жеті рет түрмеге отырып шығады. 1918 жылдың ақпанынан бастап Орал әскери комиссары болады. Сол жылы Орал облыстық кеңесінің құрамындағы солшыл революционерлер Романовтар билігін құруды талап етеді. Олардың қатарында Голощекин де болды. Осы кезде Орал облыстық кеңесінің шешімі бойынша 17 шілдеде Ипатьев үйінде қамалған ІІ Николай патша атылды. Голощекин 1929 жылдың сәуір-маусым айларында Түркістан әскери-революциялық кеңесінің мүшесі, ал тамыздан бастап Челябі губерниялық ревкомының төрағасы болған. 1920-22 жылдары Башқұртстанда, Костромада түрлі шаруашылық қызметін атқарды. 1923 жылдың қыркүйегінен Қазанға келгенге дейін Самара губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Кейін Қазақстанға келе сала, Голощекин бірден өзінің жымысқы саясатын жалғастырды. Оның командалық-әкімшілік жұмыс әдісі етек алып өрістей бастаған кезде республикалық қарсылық та көбейе бастады. Міне, осы тұста Голощекин оппозиция қанатын бірден қырқу үшін жаңа саяси бағытты дәлелдеп, Сталинге хат жолдайды. Көп ұзамай Сталин оның арандатушылық саясатына тоқтаусыз жол ашып береді. Міне, осы тұстан бастап Голощекиннің саясатына қарсы шыққандарға неше түрлі жала жабылып, ауыр жазалар қолданыла бастады. Алаш қайраткерлерінің соңына шам алып түсушілер көбейді. Елдегі жағдай ауырлап, ашаршылықтың зардабынан халықтың үштен екі бөлігі қырылып қалды.
Голощекин – жеті рет сотталған адам
Последние статьи автора