Қазақстандағы «Кіші Октябрьдің» негізгі дем берушісі Ф.И.Голощекин туралы білгім келеді. Ол қандай адам болған?
Айдархан ОРМАНБЕК, Жаркент
Филипп Исаевич Голощекиннің шын есімі – Шая Исаекович Фрам, ұлты еврей. 1876 жылы Невель қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Орал мен Сібірде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. Ленин, Сталинмен жақсы араласқан. ІІ Николай патшаның отбасын жазалағанда оның қатыгездігінен тіпті өз қаруластары қатты шошынған. 1924 жылдың қазан айынан бастап 1933 жылға дейін ол Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. «Кіші Қазан төңкерісін» жасаймын деп, Ф.И.Голощекин ұлтымыздың тең жартысын аштан қырды. Осы қылмысы үшін жазаланудың орнына КСРО Халық комиссарлары кеңесінің бас мемлекеттік төрешісі болып тағайындалды. Тек 1941 жылы «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесілген. 20 жылдан соң ақталды. Даламызды қу сүйекке толтырғанына орай қазақтар Голощекинді «Қу жақ Филипп» деп атаған.
Голощекин кім болған?
Последние статьи автора