Менің қызым 22 жаста. Жақында көзі ауырып, ауруханаға көрінуге барған қызыма дәрігерлер «глаукома» деген диагноз қойыпты. Естуімше, бұл ауру ересектерге тән ауру көрінеді. Дәрігердің қойған диагнозына күмәнданып та тұрмын. Глаукоманың жастарда кездесуі мүмкін бе?
Айгүл Ізенова, Талғар қаласы
Қазіргі таңда мамандар аурудың барлық түрінің дерлік жасарып бара жатқанын айтуда. Сол секілді глаукоманың да жастарда жиі кездесіп жатқаны мамандарды алаңдатып отыр. Өкінішке қарай, глаукоманың пайда болу себептері мен түбегейлі емдеп жазатын препараттар анықталмаған. Тек уақтылы қолданып отыру нәтижесінде көз ауруының асқынбауының алдын алатын дәрілер бар. Қазіргі таңда жер шарындағы халықтың 2-3 пайызы аталмыш аурумен серіктесе өмір сүруде. Мамандардың айтуынша, глаукоманың соңы соқырлықпен бітуі мүмкін. Глаукомамен ауырған адам 100-150 ваттық сол жағынан түсетін жарықпен ғана кітап оқып, сағатына 10-15 минут көзін тынықтырып отырғаны жөн. Мүмкіндігінше жарық жерде жұмыс істеп, тікелей химиялық заттармен жұмыс істеуден қашқақтаған дұрыс. Сондай-ақ дәрігерлер глаукомамен ауыратын науқастар мойынды жауып тұратын (галстук, мойны жабық тоқымалар) киімдер кимеуі керек дейді.
Глаукома қандай ауру?
Последние статьи автора