«Гитлердің КСРО-дағы ата жауы Левитан болды» деген әңгіме көп айтылады. Сол қаншалықты қисынды?
Ердәулет Жарас, Алматы облысы
Жұрт аузында Гитлердің ең басты КСРО көсемі Сталин емес, зор дауысты диктор Юрий Левитан болғаны көп айтылып, жазылып жүр. Оған дәлел фактілер де жеткілікті. Үшінші рейх Левитанның басы үшін 250 мың марка бәйге тіккен. Дегенмен кеңестік билік Юрий Левитанды өне бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қызғыштай қорыпты. Левитанның жүріс-тұрысы құпия ұйымдастырылып, тіпті түр-әлпетін де жария қылмаған. Кеңестік радио мұнаралары неміс бомбалаушы ұшақтарынан қауіпсіз жерге орналастырылып отырған. Жұртқа әйгілі фашистік Германияның КСРО-ға басып кіргені туралы ақпарды ең бірінші сыртқы істер наркомы В.Молотов баяндаған, ал Левитан оның мәтінін қайталап оқыған екен. Жас кезінде ащы дауысы үшін Юрийді «Труба» деген лақап атпен атап кетіпті.
Гитлердің ата жауы Левитан болған ба?
Последние статьи автора