Бұрын дәрігерлер Гиппократ антын қабылдап жататын. Әлі де солай ма екен? Бұл өзі қайдан пайда болған ант?
Оразбай НҮСІПҚОЖАЕВ, зейнеткер
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы Раушан Аманбаеваның сөзіне қарағанда, бүгінде әйгілі ғұлама Гиппократтың анты тәжірибеде жоқ. Еліміздегі болашақ дәрігерлердің оның орнына Қазақстан Республикасы дәрігерлерінің антын қабылдай бастағанына шамамен 10 жылға жуық уақыт болды. Мәтіні көне грек тіліндегі Гиппократ сөзінен өзгеше ант ҚР Үкіметінің шешімімен 2003 жылы қарашаның 27-сінде бекітілген. Айта кетейік, аты айтып тұрғандай, дәрігерлердің моральдық мінез-құлқын тұжырымдайтын Гиппократ антын алғаш рет біздің заманымызға дейінгі V ғасырда ежелгі грек дәрігері Гиппократ жазып қалдырған. Уақыт өте келе әр мемлекеттің ұлттық діліне сай аударылып, мән-мағынасын өзгерткен бұл құжат қазір әлемнің көптеген елдерінде пайдаланылмайды. Мәселен, Солтүстік Америка мен Еуропа мемлекеттерінде 2006 жылы оның орнын «кәсіби кодекс» басса, Ресейде 1999 жылдан бері «Ресей дәрігерінің анты» қолданылып келеді.
Гиппократтың анты қайда кетті?
Последние статьи автора