Гиннесс деген кім?

Гиннесс деген кім?

«Гиннесстің рекордтар кітабы» деген сөзді газет-журналдардан оқып қаламын. Осы Гиннесс деген кім және бұл кітап қашаннан бастап шыға бастады?

Қайыпбай АЛМАС, Алматы облысы, Бақанас

Бұл кітаптың шығу тарихы 1759 жылдан басталады. Сол жылы Артур Гиннесс Дублин қаласында Сент-Джеймс қақпасының алдынан сырахана ашады. 1833 жылы ол Ирландиядағы ең ірі сыраханаға айналады. ХХ ғасыр басында әуел баста сырахананы ашқан Артур Гиннесстің көзі кетсе де, оның бизнесі дамып, 1930 жылы Ұлыбританияда екі ірі зауыт сол атаумен аталады. Гиннесстің бар құпиясы жарнаманы дұрыс жолға қоя білуінде еді. Бірақ рекордтар кітабының шығуына түрткі болған – бұл емес, басқа жайт. 1951 жылы «Воксфорд» компаниясының ұйымдастыруымен болған жергілікті аңшыларға арналған кеште «Гиннесс» компаниясының директоры Хью Бивер мырза Еуропадағы ең жүйрік құс жайында біреумен сөзге келіп қалады. Дәл осындай дау келесі жылы тағы қайталанады. Содан келіп Хью Биверге «расында, осындай жағдайда сұраққа жауап бере қоятын нақты ғылыми рекордтар кітабын шығарсақ қалай болады» деген ой келеді. «Гиннесс» компаниясынан сондай басылым шығарылса, онда ол сыраның жарнамасына да жақсы әсер ететінін ойлаған басшы сол тұста ақпарат агенттігін басқарып отырған Норрис пен Росс Макитерлерге тапсырады. Бір жылдық ғылыми жұмыстардың нәтижесінде 1955 жылы 27 тамызда 198 беттік қалыңдықта «Гиннесстің рекордтар кітабы» жарық көреді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста