Гендік инженерияның зияны жоқ па?

Қазіргі таңда өсімдіктердің, жан-жануарлардың жаңа түрлерін өсіру мақсатында гендік инженерия технологиясы қолданылатынын жиі естиміз. Осы жаңа технология арқылы өндірілген өнімдердің адам ағзасына әсері қандай, зиян емес пе?
Гүлбаршын СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ,
Алматы қаласы

Рас айтасыз, бүгінде жаңа технологияның көмегімен бір организмнің генін екінші организмге көшіру арқылы жануарлар мен өсімдіктердің жаңа микроорганизмдерін алуға болады. Мұндай организмдерді кейде тарнсгенді жануарлар немесе өсімдіктер деп атайды. Гендік модификацияның арғы атасы селекция болып табылады. «Селекция» (латын тілінен аударғанда «таңдау» деген мағынада) – өсімдік гибридтерінің жоғары сапалы сортын өндірудің, жануарлардың түрлерін көбейтудің теориясы мен практикасы ретінде көпшілікке таныс. Алайда дәстүрлі селекцияның гендік инженериядан айырмашылығы онда будандастыру тек бір түрдің ішінде болады. Ал гендік инженерияда жаңа ДНК жасап, оны түрлендіруге мүмкіндік бар. Дегенмен бұған өте көп қаржы кететін көрінеді. Мысалы, өсімдіктің жаңа бір түрін өндіріп, оны сынақтан өткізіп, сатылымға шығаруға кемінде 50 миллионнан 200 миллион долларға дейін қаржы жұмсалады екен. Гендік модификацияланған организмдерді жасап шығару технологиясы – өте жаңа құбылыс. Сондықтан ГМО-ның адам ағзасына әсері қаншалықты екені әлі толық зерттелмеген. Алайда әлемдегі 7 миллионнан астам ғалымның тек мыңға жуығы ғана ГМО-ға қарсы екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста